Телефон алаяқтығы | Бір алаяқтық қоңыраудың "актерлік құрамы"
Қазіргі телефон алаяқтығы алдын ала дайындалған спектакльге көбірек ұқсайды.
Бір ғана схема аясында жәбірленушімен кезекпен жалған салық қызметкері, банктың "техникалық қолдау маманы", өзін құқық қорғау органы қызметкері ретінде таныстырған адам, "қаржылық бақылау өкілі", дроппер және тіпті жалған заңгер сөйлесуі мүмкін.
Әрқайсысы өз рөлін орындайды: сенім қалыптастырады, шұғылдық сезімін тудырады, ақшадан айырылу қаупімен қорқытады немесе "ұрланған қаражатты қайтаруға" уәде береді.
Бұл материал алаяқтардың бір схемада рөлдерді қалай бөлетінін және өзін ресми орган қызметкері ретінде таныстырса да, телефон арқылы бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындауға болмайтынын түсіндіреді.