Телефон алаяқтығы | Алматы тұрғыны бір күнде 20 миллион теңгеден айырылды
Телефон алаяқтығы | Алматы тұрғыны бір күнде 20 миллион теңгеден айырылды
Алматы қаласының тұрғыны алаяқтардың бірнеше қоңырауынан кейін бір күннің ішінде 20 миллион теңгесінен айырылды.
Алдымен оған есептегіштерді ауыстыру қажет екені туралы хабарланған. Кейін схемаға өзін банк қауіпсіздік қызметінің мамандары және ҰҚК қызметкерлері ретінде таныстырған адамдар қосылған.
Қысым көрсету және "ақшаны қорғау" деген сылтаумен әйелді белгілі бір әрекеттер жасауға көндіріп, нәтижесінде ол ірі көлемдегі қаражатынан айырылды.