Телефон алаяқтығы | Алаяқтар Ұлттық Банктің атынан жалған хаттар жіберуде

Телефон алаяқтығы | Алаяқтар Ұлттық Банктің атынан жалған хаттар жіберуде
Телефон алаяқтығы | Алаяқтар Ұлттық Банктің атынан жалған хаттар жіберуде

Алаяқтар Ұлттық Банктің атынан жасалған жалған хаттарды таратып, онда банктер мен қызметтердің "тоқтатылатын" күндерін көрсетеді.

Құжат ресми көрінгенімен, ол алаяқтық схеманың бір бөлігі болып табылады. Алдымен өзін ХҚКО немесе пошта қызметкері ретінде таныстырған адам SMS арқылы келген кодты айтуды сұрайды. Кейін "банк қызметкері" немесе "Ұлттық Банк өкілі" хабарласып, қаражатыңызға қауіп төніп тұрғанын айтады.

"Шотты қорғау" деген сылтаумен жәбірленушіні қосымша орнатуға, жалған несие рәсімдеуге, ақшаны "қауіпсіз шотқа" аударуға, экран көрсетуді қосуға немесе телефон тұтқасын қоймауға көндіреді.

Шын мәнінде, мемлекеттік органдар мен банктер SMS кодтарын сұрамайды, ақша аударуды талап етпейді және мұндай нұсқауларды күмәнді хаттар арқылы жібермейді.