Телефон алаяқтығы | "Бюллетеньді тіркеу үшін кодты айтыңыз"
Телефон алаяқтығы | "Бюллетеньді тіркеу үшін кодты айтыңыз"
Интернетте жаңа алаяқтық схема таралуда: қаскөйлер азаматтарға қоңырау шалып, өздерін дауыс беруді ұйымдастырушылар ретінде таныстырып, "бюллетеньді тіркеу" үшін SMS-кодты айтуды сұрайды.
Бұл — алаяқтық.
Дауыс берудің ешбір ресми рәсімі телефон арқылы немесе мессенджерлерде SMS-кодтарды айтуды талап етпейді.
Растау кодтарын ешкімге бермеңіз, әңгімені бірден тоқтатыңыз және ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз.