Телефон алаяқтығы | Медициналық ұйымдардың атын жамылып SMS-кодты алдап алады. Одан кейін не болады?

Алаяқтар өздерін медициналық мекемелердің қызметкерлері ретінде таныстырып, тегін скринингтен өтуді ұсынады. Жазылу сылтауымен олар растау кодын алдап алады.

Осыдан кейін адам көпсатылы алаяқтық схемаға тартылады: алдымен өзін eGov қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде таныстырған адам "сіздің атыңызға несие рәсімделгенін" хабарлайды, кейін жалған мемлекеттік орган қызметкерлері қылмыстық іс қозғалатынын айтып қорқытып, олардың барлық нұсқауларын бұлжытпай орындауды талап етеді.