Қытай Мьянмада әрекет еткен ең ықпалды қылмыстық топтардың бірі — Мин әулетінің 11 мүшесіне шығарылған өлім жазасын орындады. Олар ауқымды телефон алаяқтығын, заңсыз онлайн-құмар ойындарын ұйымдастыру, адам өлтіру, адам ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру баптары бойынша кінәлі деп танылды.
BBC мәліметінше, қылмыстық желі 2015–2023 жылдар аралығында 10 млрд юаньнан астам (шамамен 1,4 млрд АҚШ доллары) заңсыз табыс тапқан. Негізгі кіріс көздері онлайн-алаяқтық, заңсыз казино және жезөкшелік болған. Скам-орталықтарда жұмыс істеуге адамдар ұрланып, мәжбүрленген.
Бұл іс Қытай мен Мьянманың трансшекаралық кибералаяқтыққа қарсы бірлескен күресіндегі ең ірі істердің бірі саналады. Соңғы жылдары Қытай билігі Мьянма шекарасындағы скам-орталықтарды ұйымдастырушыларға қарсы шараларды күшейтті.