2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында алаяқтар FIFA-ның жалған сайттарын жасап жатыр

2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында алаяқтар FIFA-ның жалған сайттарын жасап жатыр

ФБР футбол жанкүйерлеріне 2026 жылғы FIFA әлем чемпионаты қарсаңында FIFA-ның ресми сайтын көшіретін жалған сайттардың көбейгені туралы ескерту жасады.

FBI / IC3 мәліметінше, киберқылмыскерлер fifa.com ресми доменіне өте ұқсас жалған домендерді тіркеп жатыр. Мұндай сайттарда матч билеттерін, VIP-пакеттерді, жұмыс ұсыныстарын, тіркеуді, ұтыс ойындарын немесе ерекше ұсыныстарға қолжетімділікті ұсынуы мүмкін.

Алаяқтардың негізгі мақсаты – пайдаланушыларды өздерінің аты-жөнін, телефон нөмірін, электрондық поштасын, мекенжайын, банк картасының деректерін және басқа да жеке мәліметтерін енгізуге мәжбүрлеу.

ФБР FIFA-ның ресми сайтын имитациялайтын көптеген домендерді анықтады. Дегенмен, жаңа алаяқтық домендер алдағы уақытта да пайда бола береді.

Өзіңізді қорғау үшін FIFA сайтына тек браузердің мекенжай жолағына www.fifa.com адресін қолмен енгізу арқылы кіріңіз. Әсіресе «арзан билеттер», «ресми жұмыс», «жылдам тіркелу» немесе «ерекше қолжетімділік» уәде ететін жарнамалық сілтемелерге өтпеңіз.

Кез келген деректерді енгізер алдында сайттың мекенжайын мұқият тексеріңіз және сайтқа күмән туындаса, банк картасының деректерін немесе жеке ақпаратты енгізбеңіз.

 

Дереккөз:
FBI / IC3 – Internet Crime Complaint Center, Public Service Announcement, 2026 жылғы 27 мамыр

Іс-шараның фотоесебі