Таиланд әлеуметтік желілердегі жарнамаға қойылатын талаптарды күшейтті

Таиланд әлеуметтік желілердегі жарнамаға қойылатын талаптарды күшейтті

Таиландтың Электрондық транзакциялар жөніндегі комиссиясы (ETC) әлеуметтік желілердегі технологиялық қылмыстардың алдын алуға бағытталған жаңа талаптарды енгізді.

2026 жылғы 1 қарашадан бастап әлеуметтік желілерде ақылы жарнаманы тек жарнама берушінің жеке басы расталғаннан кейін ғана орналастыруға болады.

Әлеуметтік желі платформалары:

  • жарнама берушінің жеке басын жеке куәлік, паспорт, компанияның тіркеу құжаттары немесе Комиссия талаптарына сәйкес келетін цифрлық сәйкестендіру жүйесі арқылы растауға;
  • жарнама беруші туралы мәліметтерді жарнама қызметі басталған сәттен бастап және жарнама тоқтатылғаннан кейін кемінде 90 күн сақтауға міндетті болады.

Растау нәтижесі соңғы тексерілген күннен бастап бір жылға дейін жарамды болады.

Жаңа талаптардың мақсаты – интернет пайдаланушыларына қауіп төндіретін алаяқтық жарнамаларды тиімдірек анықтау және шектеу.

Құжат авторларының пікірінше, бұл шаралар әлеуметтік желілерде алаяқтық схемалар мен күмәнді жобаларды жасырын түрде жарнамалауды едәуір қиындатады.

 

Дереккөз:

Thailand mandates advertiser identity verification for social media platforms (Tilleke & Gibbins)