Құқық қорғау органдарына берілетін өтініш үлгісі Ашу Жүктеп алу
Төлем мерзімін кейінге шегеру туралы банкке берілетін өтініш үлгісі Ашу Жүктеп алу

Ақтөбе облысында 120 млн теңгеден астам қаражатты заңдастырған дропперлер желісі жойылды

Ақтөбе облысында Қаржылық мониторинг агенттігі интернет-алаяқтарға ұрланған қаражатты шығаруға және заңдастыруға көмектескен ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Тергеу интернет-алаяқтыққа жәрдемдесу, заңсыз кәсіпкерлік, дропперлік және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактілері бойынша жүргізілуде.

Тергеу мәліметінше, топ құрамында 10-нан астам адам болған. Схеманы іске асыру үшін ұйымдастырушылар 150-ден астам дропперді тартқан. Олар ұрланған қаражатты аудару және оның ізін жасыру үшін банк қосымшаларын, криптоәмияндарды және бөгде адамдардың шоттарын пайдаланған.

Тергеу барысында қаражаттың алдымен дропперлердің банк шоттары арқылы өткізілгені, кейін USDT криптовалютасына айырбасталып, одан әрі қолма-қол ақшаға немесе шетел валютасына ауыстырылғаны анықталды. Заңды мәміле түрін көрсету үшін жалған қарыз шарттары мен жалған компаниялар пайдаланылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанның 16 өңірінен 80 жәбірленуші анықталды. Келтірілген жалпы залал 120 млн теңгеден асты. 8 күдікті қамауға алынды, тағы 2 күдікті үйқамақта отыр. Сондай-ақ сот 8 пәтерге, бір автокөлікке және 52 мың USDT көлеміндегі цифрлық активтерге тыйым салды. Тергеу жалғасуда.

Банк картасын, банк шотын немесе оларға қолжетімділікті үшінші тұлғаларға беру адамды қылмыстық схеманың қатысушысына айналдырып, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Дәл осындай дропперлердің шоттары арқылы алаяқтар ұрланған қаражатты шығарып, заңдастырады.

 

Дереккөз: ҚР ҚМА