Қарағанды облысында домофондар бет-әлпетті тану жүйесіне қосылады

Қарағанды облысында домофондар бет-әлпетті тану жүйесіне қосылады

Қарағанды облысында іздеуде жүрген адамдарды анықтау жүйесін кеңейту жоспарланып отыр. Ол үшін тұрғын үйлердегі бейнедомофондарды жүйеге қосу көзделген. Пилоттық жоба қазірдің өзінде екі тұрғын үй кешенінде іске қосылған, ал кейін оны бүкіл өңірге кеңейту жоспарлануда.

Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының мәліметінше, өңірде шамамен 4 000 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Оның жүзге жуығы ІІМ мен КИРЕБ-тің іздеу базаларымен біріктірілген. Соңғы бір жылда жүйе іздеуде жүрген 268 адамды анықтауға көмектесті.

Әзірлеушілердің айтуынша, жүйе үздіксіз бейнежазба жүргізбейді. Камера адамды тіркеген сәтте оның цифрлық бет-әлпет коды жасалып, ол дерекқорлармен автоматты түрде салыстырылады.

 

Дереккөз:
https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1146379?lang=ru