Қазақстанда жиһаз өндірушілерді лицензиялау енгізілуі мүмкін

Қазақстанда жиһаз өндірушілерді лицензиялау енгізілуі мүмкін

Қазақстанда жиһаз өндіруші компанияларды лицензиялау мәселесі қарастырылуда. Бұған тұтынушылардың жиһазды дайындау мерзімдерінің бұзылуы, тапсырыстардың сапасыз орындалуы және алдын ала төлемдерді қайтару қиындықтары жөніндегі көптеген шағымдары себеп болды.

Қазақстанда жиһаз өндіруші компанияларды лицензиялау мәселесі қарастырылуда. Бұған жиһаз өндірушілер тарапынан міндеттемелердің орындалмауына байланысты азаматтардың көптеген шағымдары себеп болды.

Астана қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері жиһаз дайындау шарттарының орындалмауына қатысты 281 шағым түскен. Сотқа дейінгі тәртіппен тұтынушыларға 36,5 млн теңге қайтарылған.

Мамандардың айтуынша, кең таралған схема мынадай: тұтынушыға жиһазды қысқа мерзімде дайындауға уәде беріледі және ірі көлемде алдын ала төлем алынады. Кейін тапсырысты орындау мерзімі бірнеше рет кейінге шегеріледі. Кейбір жағдайларда орындаушылар қоңыраулар мен хабарламаларға жауап беруді тоқтатып, тұтынушылар қаражаттарын қайтару үшін талап-арыздар мен сотқа жүгінуге мәжбүр болады.

Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, мұндай жағдайлар жиһаз нарығында жиі кездеседі. Кейде бір компанияның әрекетінен ондаған тұтынушы зардап шегеді, ал ақшаны қайтару едәуір уақыт пен қаржылық шығындарды талап етеді.

Осыған байланысты сала өкілдері жиһаз өндірушілердің тізілімін құруды, нарық қатысушыларына міндетті талаптар енгізуді және қызметті лицензиялау мәселесін қарастыруды ұсынып отыр. Олардың пікірінше, бұл шаралар даулы жағдайлардың санын азайтып, нарық қатысушыларының жауапкершілігін арттыруға көмектеседі.

Алдын ала төлем жасамас бұрын компанияны Борышкерлер тізілімінен тексеруді, Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы салық берешегі туралы мәліметтермен танысуды, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен 2GIS сервисіндегі пікірлерді оқып шығуды ұсынамыз.


Inbusiness.kz