WYP.KZ
зардап шеккендерге арналған өтініш үлгілері Ашу
ALEM CREDIT
зардап шеккендерге арналған өтініш үлгілері Ашу

БАНКТІК ОМБУДСМАНМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫҚ

БАНКТІК ОМБУДСМАНМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫҚ

Stop-Piramida.kz жобасы мен Қазақстан Республикасының Банктік омбудсманы Нұрпейісов Дархан Қадырбайұлы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум қаржылық сауаттылықты арттыру, қарыз алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ банк секторының ашықтығы мен адалдығын нығайту бағытындағы бірлескен бастамаларды дамытуға бағытталған.

Құжат бірлескен ақпараттық-ағартушылық жобаларды іске асыруды, банктер мен қарыз алушылар арасындағы дауларды реттеу мәселелері бойынша ақпарат алмасуды, әдістемелік материалдар, жадынамалар мен ұсынымдар әзірлеуді, сондай-ақ семинарлар, тренингтер және өзге де білім беру іс-шараларын өткізуді көздейді.