"АФМ Online 2026" форумында қаржы пирамидалары туралы ескерттік

Stop-Piramida.kz жобасы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі "Заң және тәртіп" идеологиясы аясында ұйымдастырған "Қаржылық қауіпсіздік тренингі" атты сарапшылық форумға қатысты.

Қаржы пирамидалары бүгінде заманауи онлайн-жобалар, инвестициялық платформалар және "жылдам табыс табу тәсілдері" ретінде бүркемеленіп жүр.

"АФМ Online 2026" форумында біз өз тәжірибемізбен бөлісіп, алаяқтардың адамдарды күмәнді схемаларға тарту үшін жиі қолданатын тәсілдері туралы айттық. Олар оңай табыс пен кепілдендірілген пайда туралы уәделерден бастап, рефералдық бонустар мен жеке тұлғалардың банк карталарына ақша аударуға дейінгі түрлі әдістерді пайдаланады.

Қаржылық қауіпсіздік, алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және азаматтарды қорғау мәселелерін ашық талқылауға мүмкіндік берген алаңды ұйымдастырғаны үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне алғысымызды білдіреміз.