Фишинг | "Аяз Атадан сыйлық ал"

Фишинг |
Фишинг | "Аяз Атадан сыйлық ал"

Жаңа жылдық ұтыс ойыны деген сылтаумен алаяқтар сіздің жеке деректеріңізді, соның ішінде банк картаңыздың мәліметтерін алдап алуға тырысады.

Жаңа жыл қарсаңында мессенджерлерде "Аяз Атадан сыйлық ал" деген ескі алаяқтық схема қайтадан таралуда. Пайдаланушыға қысқа сауалнамадан өту, сілтемені бөлісу ұсынылады және ақшалай сыйлық уәде етіледі.

Шын мәнінде ешқандай ұтыс жоқ. Адам "сыйлығын" алуға тырысқан кезде одан баж, комиссия немесе жеткізу ақысын төлеу сұралады, кейін банк картасының деректерін енгізуді талап етеді. Осылайша алаяқтар сіздің қаражатыңызға қол жеткізеді.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін:

— күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
— мұндай хабарламаларды таратпаңыз;
— банк картаңыздың деректерін енгізбеңіз;
— осындай хабарламаларды бірден өшіріңіз.